ОҚО-да екі басты лақ туылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да екі басты лақ туылды

ОҚО Мақтаарал ауданында екібасты лақ туылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жануар 22 мамыр күні Асық-Ата ауылындағы Өтеулиевтің қорасында туылған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО Мақтаарал ауданында екібасты лақ туылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жануар 22 мамыр күні Асық-Ата ауылындағы Өтеулиевтің қорасында туылған.

Ер адамның айтуынша, барлығы үш лақ туылыпты. Олардың алғашқысы сау болған, дегенмен соңғы екеуінің орнына екі басты бір лақ өмірге келіпті. Екі лақтың денелері бірігіп кеткенімен, әрқайсысы өзінше ерекше дауыс шығарады екен.

"Мұндайды бұрын-соңды көрмегендіктен, алғашында қатты есеңгіреп қалдым. Алматы облысында бұрын екі басты бұқа туылғанын естіген едім. Қозының да осылай туылғаны бар. Екі басты лақ Қазақстанда алғаш рет туылып отырған сияқты. Мал дәрігері қанның араласуы кезінде мұндай жағдайдың болатынын айтты. Дегенмен, біздің ауылда ұрғашы ешкілер жұптастатын еркек ешкілер аз", - деді Өтеулиев.

41 жастағы ауыл тұрғынының айтуынша, ол ешкілерді балаларының бірінің ауруға шалдығуынан кейін баға бастапты. "Менің үш жасар ұлым бар, ол туылғаннан бері жүрек ауруына шалдыққан. Біз оны жергілікті дәрігерге апарғанымызда, ол бізге лақ бағуға кеңес берді. Ол мұның аурумен күресуге көмектесетінін айтты. Бұған дейін біз оған 2-3 лақ сатып әпердік, одан кейін өзіміз баға бастадық. Алғашқысы сәтсіз басталды", - деді ер адам.

Лақтар туылған бойда Ғалымжан Өтеулиев дереу мал дәрігеріне барған. Мамандар мұндай жануардың ары кетсе 3-4 күн өмір сүретінін айтыпты. Дегенмен екі басты лақтар өз ажалымен өлмепті. 24 мамыр күні ер адам лақтарды қорадан тапталған күйінде тауып алған.

"Енесі оларды таптап тастапты. Ол лақтарға туылғаннан бері жақындаған емес, үнемі қашып жүрді. Сау болып туылған лақты тамақтандырып, қасына ертіп жүр. Ал соңғыларынан қорқып кетіп, таптап тастаған болар", - деді ер адам. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети