Оралда ауылдан келген би ұжымы ашық алаңда қайырымдылық концерт берді, - деп хабарлайды "Уральская неделя".
Оралда ауылдан келген би ұжымы ашық алаңда қайырымдылық концерт берді, - деп хабарлайды "Уральская неделя".
Концертті Дарьинск ауылының "Дарьюшка" ансамблі мен белсенді Эдгар Өтешев ұйымдастырды. Олар жиналған ақшаны ауру балалардың еміне беретіндерін айтты. "Біз балаларға көмектескіміз келеді, бір жағынан балаларға қалай көмектесуге болатынын көрсетеміз", - деді ансамбль мүшелері.
Бұл ұжымның алғашқы қайырымдылық концерті. Халықаралық фестивальдің жеңімпаздары заманауи және халық билерін билеп, ән салды, өлең оқыды. Ал концерт соңында көрермендерге флешмоб ұсынды.
Күннің салқындығы мен жаңбыр оларға кедергі болған жоқ. Концерт "Қара Жорға" биімен басталды, бишілер қазақтың, украиндердің ұлттық билерін, вальс пен танго билеп, "Туған жерім" әнін қазақ және орыс тілдерінде орындады.
Билет құны 200 теңге болды, ұйымдастырушылар 110 мың теңге жинады. Жиналған қаражат "Жұлдыз" қайырымдылық қорына жіберілді.
Фото және видео © Мадина Қуанова / "Уральская неделя"