Оралда ер адам ажырасуын 60 көліктен тұратын кортежбен тойлаған

18 Қараша, 12:18
0
Оралда ер адам ажырасуын 60 көліктен тұратын кортежбен тойлаған -

Оралда ер адамның 60 жол талғамайтын көлікпен не себепті жүргені белгілі болды. Ол осылайша жарымен ажырасуын тойлап жүрген екен, - деп хабарлайды "Орал апталығы".

Оралда 16 қараша, сенбіде таңғы уақытта қымбат жол талғамайтын ерекше көліктер кортежі шу шығарды. Полиция 60 жол талғамайтын көлікті жалға алып, "Самал" ауданында "Арасан" саунасына келген ер адамды ұстады.

Toyota Prado, "Geländewagen", Lexus маркалы жол талғамайтын көліктер "Самал-1 "шағын ауданында,"Арасан" сауна кіреберісінде тоқтатылды. Орал қалалық полиция басқармасының бастшысы Мейірлан Айкенов бұған түсініктеме беріп, қамауға алу себебін ашық түсіндірді.

"Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ҚР азаматы ұсталды. Ол Орал қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Ол 60 жол талғамайтын көлікті жалдап, осы "джиптермен" қыдырыстап жүрді. Бұрын ол бірнеше рет сотталған. Қазіргі уақытта біз оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереміз. Мен қазір айта алмайтын, белгілі бір ақпарат бар. Жол талғамайтын көліктерді бір адам жалдады", - деді Мейірлан Айкенов.


60 жол талғамайтын көлікті жалға алған ер адам. Фото "джиптердің" біріне жалға алу ақшасын төлеу кезінде жасалған.

Полицияның мұндай түсініктемесі артық сұрақ тудырды. Өйткені осыншама жол талғамайтын көлікті жалға алған жұмбақ ер адамның іс-әрекетінде қылмыс жоқ.

Үш сағат өткеннен кейін полиция ұсталған азаматты және джиптердің жүргізушілерін босатқаны белгілі болды. Бұл жолы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсталған азаматтың қандай да бір қылмыстарға қатысы бар-жоғы туралы ештеңе айтқан жоқ, ал полицияға қырағы азаматтар қоңырау шалған.

"Көліктердің көп жиналуы жергілікті тұрғындар тарапынан алаңдаушылық тудырып, полицейлерді шақырған. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, жол талғамайтын көліктер Орал қаласының ПДғимаратына жеткізілді. Кейін, Алматы қаласының тұрғыны ондаған көлікті жалға алып, олармен қыдыруды шешкен. Оның тарапынан ешқандай құқық бұзушылық анықталған жоқ, бөлімге оның туыстары шақыртылып, оны үйіне алып кетті", - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Полиция осы ауданда орналасқан облыс әкімінің резиденциясын қорғау қызметінің хабарлауы бойынша оқиға орнына келген.

Біз ер адам жалға алған бірнеше джип иелерімен, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің бірімен сөйлесе алдық. Құпиялылық жағдайында джиптерді жалға алған ер адам Оралға Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласынан келгендігін хабарлады. Ол шын мәнінде бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған. Оған дейін жұбайымен ажырасқан. Жақында бұрынғы ерлі-зайыптылар Оралдағы пәтерді сатқан. Пәтерді сатудан түскен ақшаны олар бөліп алған. Осыдан кейін ер адам 60 джипті жалға алып, саунаға аттанғанда оны полиция қызметкерлері қолға түсірген. Әрбір автокөлікті жалға алу үшін ер адам бір сағаты жұмыс үшін 15-тен 20 мың теңгеге дейін төлеген. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай