Оралда мүгедектер арбасына таңылған жан парашютпен секірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты 24.kz арнасына сілтеме жасап.
Оралда мүгедектер арбасына таңылған жан парашютпен секірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты 24.kz арнасына сілтеме жасап.
"Мүмкіндігі шектеулі жандар да он екі мүшесі бүтін адамдар сияқты өзіне ұнайтын кез келген спорт түрімен айналыса алады. Осыны дәлелдеу үшін оралдық кембағал жанның бірі ұшақпен көкке көтеріліп, 2500 метр биіктіктен парашютпен секірді. Мұндай батырлық жасаған азаматшаның аты-жөні - Гүлмира Батпақұлова. Ол Оралдағы "Арба" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі болып қызмет етеді. Гүлмираны 17 жасында көлік қағып кеткен. Сол жол апатынан кейін аяғынан тұрып кете алмаған. Ол қанша қиындық көрсе де, мойыған жоқ. Қайта өз бетінше өмір сүруге бейімделіп, Оралда "Арба" қоғамдық бірлестігін құрды. Қазір өзі сияқты мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс істеуіне барынша көмектесіп келеді" - делінген хабарламада.
Парашютпен секіру Гүлмираның бала күнгі арманы екен. Бір қызығы Орал қалалық әкімдігінің қызметкерлері мүгедектер арбасына таңылған жанның парашютпен қалай секіретінін көру үшін арнайы келіпті.
"Арба" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Батпақұлованың өзі: "Күшті болды. Жоғарыдан бәрі өзгеше көрінеді. Сезімімді айта алмаймын. Өзімнің ең үлкен жеңісім деп ойлаймын. Кішкентай кезімнен армандап жүрдім. Арманым орындалды" - дейді.