Өскеменде елік жүр: мамандар жануардың қалаға қалай тап болғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде елік жүр: мамандар жануардың қалаға қалай тап болғанын түсіндірді Сурет "ОСА" Өскемен қауымдастығынан

Ориентолог-фаунист маман жыртқыштардан қашып, қаланы паналаған болуы мүмкін, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ориентолог-фаунист маман жыртқыштардан қашып, қаланы паналаған болуы мүмкін, - деп хабарлайды YK-news.kz.

"Еліктер қала маңын мекендейді, оларды Каменный карьер ауылының жанынан және КШТ ықшамауданы аумағынан кездестіруге болады. Жануар иттерден не жыртқыштардан құтылмақшы болған", - дейді облыстық тарихи-өлкетану музейі ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Сергей Стариков. 

Айта кетейік, елік екі тәулік бойы бұрынғы Үлбі ауданының әр түрлі көшелерінде жүрген. Өткен аптаның соңында Өскемен қалалық ПБ басшысы Даур Ибраев Гагарин көшесінде елікті автокөлік қағып кеткенін айтқан еді. Елікті ветиринариялық клиникаға жеткізіп, ота жасаған. 

"Науқастың" жағдайы әлі де ауыр. 

Елікті "ОСА" Өскемен қауымдастығы өз қамқорлығына алған, олар жануардың еміне қаражат жинаған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети