07 наурыз 2014 | 15:24

Өскеменде Шығыс Қазақстанның үздік келіні анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Азамат Әбілұлы ©Азамат Әбілұлы

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Өскеменде "Аяулы жас келін" атты облыстық байқау ұйымдастырылып, Шығыс Қазақстанның үздік келіні анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осымен екінші рет өтіп отырған байқауға облыстың аудандары мен қалаларынан он бір келін қатысып, бақтарын сынады. Байқаудың "Ас – адамның арқауы" атты алғашқы бөлімінде келіндер халқымыздың ұлттық тағамдарын жасаудан өзара сайысқа түсті. Екінші бөлімде келіндер өздерін таныстырса, үшінші бөлімде өнерлерін ортаға салды. Бірі ән айтты, бірі би биледі, бірі мәнерлеп өлең оқыды, тағы бірі пьесадан үзінді көрсетті. Келіндердің өнеріне риза болған әжелеріміз оларға ақ батасын берді. "Сендер қашан да қазақтың келіндері екендіктеріңді ұмытпаңдар! Барған жерге балдай батып, судай сіңу, сол әулеттің өзіне тән ережесі мен қағидасын орындап жүру – келіндердің басты парызы. Бүгін сол әулеттің ақ отауы болсаңдар, келешекте сол әулеттің ақ ордасы атанасыңдар. Өздеріңнен кейінгілерді тәрбиелейсіңдер. Осындай халқымыздың мәңгілік ел болып қалуына үлес қосатын келіндердің барын көріп, көңілім марқайып отыр", - деді қазылар алқасының мүшесі, "Руханият" зиялы ардагерлер клубының жетекшісі Зейнеп Мәжікенова. Осылайша қазақ келінінің ақылы мен парасаты сынға түскен байқау да өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы үшін "мыңнан тұлпар, жүзден жүйріктерді" анықтаудың қиын болғаны рас. Нәтижесінде "Аяулы жас келін" байқауында бірінші орынды абайлық келін Тоғжан Исанова қанжығасына байласа, Өскемен қаласының келіндерінің намысын қорғаған, журналист әріптесіміз Әсем Қайратбек екінші, ал шемонайхалық Рысжан Екібасова үшінші орынды иеленді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети