Өскеменде түлектерді марапаттау шарасы кезінде екі өрескел қатесі бар баннер ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде түлектерді марапаттау шарасы кезінде екі өрескел қатесі бар баннер ілінді © Виктор Абакумов/yk-news.kz

Өскеменде облыстық театр алаңдарының бірінде өткен түлектерді марапаттау шарасы кезінде екі өрескел қатесі бар баннер ілінді, - деп хабарлайды YK-news.kz. Құттықтау баннерінде былай жазылған: "В доборый путь выпускники!".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде облыстық театр алаңдарының бірінде өткен түлектерді марапаттау шарасы кезінде екі өрескел қатесі бар баннер ілінді, - деп хабарлайды YK-news.kz. Құттықтау баннерінде былай жазылған: "В доборый путь выпускники!".

Айта кетейік, салтанатты шараға халықаралық олимпиада жеңімпаздары, қала мен облыс мектептерінің оқу озаттары және "Алтын белгi" иегерлері қатысты. Білім басқармасының басшысы Мәдениет Ахметованың айтуынша, биыл үздік түлектерді марапаттау шарасын ұйымдастырумен білім ведомствосы айналысқан. Бұрын оны мәдениет бөлімі атқарыпты.

"Бұл сорақылықты мен шара барысында білдім. Маған мектептердің бірінің директоры келіп, қателерді көрсетті - "добрый" сөзінде артық әріп жүр, үтір жоқ. Ал баннерді алып тастауға кеш болды. Бүгін сол жағдайды анықтауға кірістім. Баннерге тапсырыс қабылдаған жарнама агенттігінің дизайнері кінәлі болып шықты. Онымен фирманың басшысы сөйлеседі. Ал білім бөлімінде баннерге жауапты болған және қатені байқамағаны үшін біздің әдіскер сөгіс алды", - деді Ахметова.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети