Өскеменде үйдің қабырғасына Абайдың суреті салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде үйдің қабырғасына Абайдың суреті салынды © instagram.com/akimatgoroda_yk/

Өскемен орталығындағы тоғызқабатты үйдің қабырғасында Абай Құнанбаевтың суреті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемен орталығындағы тоғызқабатты үйдің қабырғасында Абай Құнанбаевтың суреті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл Абай даңғылындағы № 1 үй. Үлкен стрит-арт өнімі қала билігінің қолдауымен салынған. Қала әкімдігі урбанистік шығармашылықтың осымен екінші жобасын жасап отыр. Мұның алдында хоккейші Талғат Жайлауовтың портреті облыс орталығындағы үйлердің бірінің қабырғасында пайда болған еді. 

Жұмыс демеушілердің қаражатына жасалған. Бұл суреттің авторы - Алматы өнер академиясының магистранты Айбек Нұрбеков. Ол бұл картинаны екі апта ішінде салып шыққан. "Абайдың қолында кітап бар, оның астына суретшілер әдемі қаріптермен "Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп" деген қара сөзін жазды", - делінген қалалық әкімдіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында. 

Өскемен әкімдігіндегілер бұл картинаны Абайдың әлемдегі ең үлкен граффити суреті деп атады.


© instagram.com/akimatgoroda_yk

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети