Авраам Руссо. Сурет тәуелсіз ақпарат көзінен алынды.
Өскеменде жаңадан бой көтерген соны үлгідегі қонақүйдің алғашқы тұрақтаушысы Авраам Руссо болды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Көктемнің жаршысы - Наурыз мерекесі қарсаңында Өскеменде Dedeman Hotel Oskemen атты жаңа қонақүйдің ашылу салтанаты боп өтті. Оған аталған облыс пен қала әкімдері, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев, сонымен қатар белгілі эстрада әншісі Авраам Руссо қатысты. Төрт жұлдызды қонақүй кешені қазақ-түрік компаниясының тапсырысымен тұрғызылған және ол Түркияның байырдан келе жатқан ірі мейманхана желісіне тиесілі. Ғимараттың жалпы көлемі 9 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда 140 қонақ бөлмесінен тыс 3 конференция залы, 2 мейрамхана, шаштараз, массажға арналған бөлме, суға түсу алаңқайы, сонымен қатар түрік моншасы мен фитнес-зал да бар. Нысан құрылысына 4,5 милллиард теңге кеткен. Жаңа қонақүйдің барлық жетістігін алғашқы боп Өскеменге мерекелік концертпен келген әнші Авраам Руссо байқап көрмекші. "Бұл қолға алынған бірінші жоба ғана, аймақта басқа да жаңа туристік нысандар пайда болады деп ойлаймын, өйткені ШҚО, менің көзқарасымша, туризмді дамытуда болашағы зор өңір" - дейді Иғалиев. Бүгінгі таңда Өскеменде түрлі деңгейдегі 18 қонақүй жұмыс істеп тұр, бірақ оның біреуі ғана төрт жұлдызды.
Өскеменде жаңадан бой көтерген соны үлгідегі қонақүйдің алғашқы тұрақтаушысы Авраам Руссо болды деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Көктемнің жаршысы - Наурыз мерекесі қарсаңында Өскеменде Dedeman Hotel Oskemen атты жаңа қонақүйдің ашылу салтанаты боп өтті. Оған аталған облыс пен қала әкімдері, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев, сонымен қатар белгілі эстрада әншісі Авраам Руссо қатысты.
Төрт жұлдызды қонақүй кешені қазақ-түрік компаниясының тапсырысымен тұрғызылған және ол Түркияның байырдан келе жатқан ірі мейманхана желісіне тиесілі. Ғимараттың жалпы көлемі 9 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда 140 қонақ бөлмесінен тыс 3 конференция залы, 2 мейрамхана, шаштараз, массажға арналған бөлме, суға түсу алаңқайы, сонымен қатар түрік моншасы мен фитнес-зал да бар. Нысан құрылысына 4,5 милллиард теңге кеткен.
Жаңа қонақүйдің барлық жетістігін алғашқы боп Өскеменге мерекелік концертпен келген әнші Авраам Руссо байқап көрмекші.
"Бұл қолға алынған бірінші жоба ғана, аймақта басқа да жаңа туристік нысандар пайда болады деп ойлаймын, өйткені ШҚО, менің көзқарасымша, туризмді дамытуда болашағы зор өңір" - дейді Иғалиев. Бүгінгі таңда Өскеменде түрлі деңгейдегі 18 қонақүй жұмыс істеп тұр, бірақ оның біреуі ғана төрт жұлдызды.