07 ақпан 2018 11:42

Ойыншық жолбарыстан қорыққан полицейлер бір сағат бойы көліктен түспей қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Twitter/UK Cop Humour © Twitter/UK Cop Humour

Сиыр қорасында жыртқыш жануарды көрген 24 жастағы Брюс Грубб атты малшы дереу полицейлерді шақырған. Шақыртуға қарулы полицейлер бірден келіп жеткен. Дегенмен олар жолбарысты көріп, көліктерінен шықпай қойған, - деп хабарлайды The Sun.

Оқиға Шотландияның Абердинши́р аймағында болған. 

Біраз уақыттан кейін малшының өзі жолбарыстың ештеңеге елеңдемейтінін байқайды да, оған көлігімен жақын келеді. Осыдан кейін ғана полицейлер мен малшы өздерін сонша үрейлендірген жолбарыс - жұмсақ ойыншық екеніне көзі жеткен. 

"Сиыр қораға кіргенімде оның шын жолбарыс екеніне күмәнім болмаған. Шошып кеттім, оның үстіне полиция келгенше ол сиырларымды жарып тастайды деп қорықтым", - дейді Брюс Грубб.

Малшы бұл аймаққа үш апта бұрын көшіп келіп, соның құрметіне кішігірім той жасаған. Ойыншықты мас қонақтарының бірі қалжыңдап қойып кеткен болу керек. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети