Шымкенттегі қарттар үйінде қариялар үйлену тойын өткізді, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
Шымкенттегі қарттар үйінде қариялар үйлену тойын өткізді, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
Қария 80-де, ал жұбайы 75-те. Олар қарттар үйінде танысып, бас қосқан.
Ер адам қарттар үйіне 2012 жылы келген. Ол балаларына кедергі жасамайын деп осындай шешім қабылдаған. Зейнетақысын немерелеріне беріп, көмектесіп тұрады. Қарияның жақындарына деген өкпесі жоқ, тек бір нәрсені сұрайды: жиірек телефон шалып тұрса дейді.
"Мен оны көрген кезде бірден "бірге тұрайық" дедім. Ол, әрине, таңғалды, бірақ мен өз айтқанымнан таймадым. Үнемі менің қасымда, бір-бірімізге көмектесіп тұрамыз. Басқа не қалды? Бірге өмір сүріп, бір-бірімізді құрметтейміз. (...) Кейде балаларыма барып тұрамын, немерелерім көп. Балам келіп тұрады. Ешкімге ренжімеймін, әркімнің өз өмірі бар", - дейді ер адам.
Ер адамның айтуынша, олар сөзге келіспей қалатын кездер де болады. Бірақ әйелі "жеңеді".
"Бәрінде ондай жағдай болып тұрады, кейде сөзге келіспей қаламыз. Бірақ ол дауласып отырмайды. Біз, әйелдер сондаймыз", - деді әжей.
Қарттар үйінде жүзден аса қария бар. Олардың көбі балалары қарттар үйіне қалдырып кеткеніне сенгісі келмейді, балаларын сағынатын кездер болатынын айтады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!