Өзбекстанның Әндіжан облысында жергілікті тұрғындар ұрлық жасады деген әйелді ұстап алмақшы болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды "Газета.uz".
Өзбекстанның Әндіжан облысында жергілікті тұрғындар ұрлық жасады деген әйелді ұстап алмақшы болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды "Газета.uz".
Видеоның кадрларында күдікті әйелдің артынан қуғандардан қашып кеткісі келгені көрінеді. Тұрғындар күдіктінің киімінен ұстап алып, нәтижесінде әйел суға іш киімімен секіріп кетеді.
Желі қолданушылары бұл оқиғаны "тергеусіз сот" деп біліп, қызу талқыға салды. Алайда, Әндіжан облысы ішкі істер басқармасы тұрғындар күдіктіні полиция қызметкерлеріне тапсыруды ұйғарған деп мәлімдеп отыр.
Оқиға 14 тамызда сағат 11:00-де болған. Ұрлық жасады деген күдікке ілінген заматша А. А. осыған дейін Шахрихансай базарында бірнеше адамның сөмкесінен 492 мың сом ақша ұрлаған және И. Н., сатушысынан 192 мың сом, С. М., азаматшасынан 30 мың сом мен ұялы телефонды ұрлаған делінеді.
Күдікті қашып кетпекші болған жерінен ұсталды. Зардап шегуші азамат И. Н мен куәгер Г. Р. әйелді ішкі істер басқармасының қызметкерлеріне тапсыру үшін ұстап тұрған. Нәтижесінде күдікті А. А Шахрихансай арығына секіріп кетті.
Инспектор әйелді құтқарып алып, басқармаға тапсырды. ІІБ баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, әйелдің денесінен ешқандай зорлық белгілері табылмаған.