"Өзіміз де таңғалдық". Лақты 33 рет көтерген бала Қазнетті тәнті етті

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде лақ көтерген кішкентай баланың әрекеті көпшілікті тәнті етті. Tengrinews.kz тілшісі Желіде тараған видео кейіпкерімен және оның анасымен сөйлесіп, оқиға қайда, қашан болғанын сұрап көрді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде лақ көтерген кішкентай баланың әрекеті көпшілікті тәнті етті. Tengrinews.kz тілшісі Желіде тараған видео кейіпкерімен және оның анасымен сөйлесіп, оқиға қайда, қашан болғанын сұрап көрді.

Желі қолданушылары кішкентай баланың әрекетіне сүйсініп, түрлі пікір жазған:

Жарайсың, балақай!

Нағыз болашақ батыр!

Міне, нағыз қазақ батыры. Иығың жерге тимесін, палуан!

Жаным батыр, күннің суығына қарамай, жарайсың!

Жарайсың, азамат! Елдің ертеңі! Спорттың түбін түсіріп, чемпион бол, балам!

Талабыңа нұр жаусын, палуан!

Видеодағы кейіпкер - ШҚО тұрғыны 6 жасар Айбар Ақылғазы. Видео 22 наурызда Семей қаласы Абыралы өңірі Қайнар ауылында Наурыз мейрамы қарсаңында түсірілген екен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Думан Меруерт (@duman_mika_aibar)

Айбардың анасы оның кішкентай кезінен спортқа жақын екенін айтады. 

"Айбар 2016 жылы 22 қаңтарда дүниеге келді. Ол Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің мектепалды даярлық сыныбында оқиды. Кішкентай кезінен спортқа жақын болып өсіп келе жатыр. Ауылдық жерде тұрған соң үйде әкесімен жаттығады", - деді ол.

 

Айбар Ақылғазы

Айбардың әкесі де спорттан алыс емес екен. Былтыр өткен жарыста ол да қой көтеріп, өзін осы қырынан танытқан.

"Айбар әкесіне тартқан, себебі ол да спортқа жақын. Әкесі де былтыр екі рет ұтты. Біріншісі Наурызға байланысты ұйымдастырылған жарыста 105 рет көтерді, кейінгісі 25 мамырда болды. Сол жолы 112 рет көтеріп, қой ұтып алды", - деді ол.

Ата-анасы басында Айбардың бұл жарысқа қатысуына қарсы болған екен.

"Айбар да "әкем сияқты қой көтерем" деп жүретін. Балалар арасында лақ көтеруден жарыс болды. Өзі "қатысамын" деп қоймады. Біз "кішкентайсың, біраз өс" деп ескерттік. Өзі көнбеді, намысқа тырысып, 33 рет көтеріп, 3-орын алды. Алғашында 33 рет көтереді деп ойлаған жоқпыз. Қоймаған соң, көңілі қалмасын деп рұқсат бердік. Әрі кетсе 4-5 рет көтереді деп ойладық. Себебі бірге қатысқан балалар 2 және 4-сынып оқушылары болды. Өзіміз де таңғалдық. Өзі ешқандай спорттық үйірмелерге қатыспайды. Үйде өзі шынығып, дайындалады", - деді Айбардың анасы Меруерт Нұриденова.

Айбар мен әкесі. Видеодан алынған кадр

Айбардың айтуынша, жарыс қиын болмаған әрі одан да көбірек көтеруге күртешесі кедергі келтіріпті.

"Иә, өскенде спортшы боламын. Күрескім келеді", - деді Айбар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer