Павлодарда 19 жастағы қыз жігітімен алғашқы кездесуінде көлігін ұрлап әкетті, - деп хабарлайды "31 арна".
Павлодарда 19 жастағы қыз жігітімен алғашқы кездесуінде көлігін ұрлап әкетті, - деп хабарлайды "31 арна".
Полициядағылардың айтуынша, құны үш миллион теңге болатын жаңа автомобильдің иесі қызбен бірге көлікпен серуен құруға бел буады. Жолда ер адам дүкен алдында тоқтап, кілтті көлікте қалдырады. Алайда, тәтті-пәтті сатып алып, сыртқа шыққан жігіт көлігін де, қызды да таппай қалады.
Көлік айдап әкетуші қыз қашыққа ұзай қоймады - оны бірнеше сағат ішінде тәртіп сақшылары ұстап алған. "Осы дерек бойынша ҚР ҚК 200-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр, Павлодар қалалық ішкі істер басқармасының уаытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция өкілдері. Осылайша жігітінің көлігін айдап әкеткен қыз енді 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.