Павлодарда автобустағы орынға таласқан жолаушылар айыппұл төлейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда автобустағы орынға таласқан жолаушылар айыппұл төлейтін болды © Tengrinews.kz

Павлодар облысында қоғамдық көлікте орынға таласып, балағат сөздер айтқан жолаушыларға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ертіс аудандық сотына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында қоғамдық көлікте орынға таласып, балағат сөздер айтқан жолаушыларға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ертіс аудандық сотына сілтеме жасап.

Соттағылардың айтуынша, ер адам мен бір әйел автобус аялдамасында сөзге келіп қалған. Қоғамдық көлікке отырғаннан кейін екеуі алдағы орынға таласып қалыпты. Екі жолаушының арасындағы ұрыс-керіс бірін-бірі балағаттауға дейін жеткен.

"Сот Ертіс ауданының тұрғындарын әкімшілік құқық бұзды, ұсақ бұзақылық жасады деп айыптады. Бұл құқық бұзушылық үшін 10 АЕК көлеміндегі айыппұл қарастырылған, ол 19 820 теңгеге тең", - деді соттағылар.

Айта кетейік, екі адамға қатысты соттың қаулысы заңды күшіне енді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети