ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қараша 2016 | 15:49
Павлодарлықтар кеңес одағының пепси-коласы үшін алтын мен гауһардан жасалған сақина берді
Павлодарлықтар кеңес одағының пепси-коласы үшін алтын мен гауһардан жасалған сақина берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жергілікті зергерлер 1989 жылы өндірілген пепси-кола үшін алтын мен гауһардан жасалған керамикалық сақина берген.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарлықтар кеңес одағының пепси-коласы үшін алтын мен гауһардан жасалған сақина берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жергілікті зергерлер 1989 жылы өндірілген пепси-кола үшін алтын мен гауһардан жасалған керамикалық сақина берген.
"Біз айырбас жасағанымызға қуаныштымыз, бұл тағы бір біздің арманымызға деген қадам. Ақтау қаласының бір тұрғыны сақина үшін iPhone 6 бермекші, - дейді акцияны ұйымдастырушылардың бірі Ерғанат Хайнел.
Тағы бір қолданушы өзінің Египетке жолдамасын беретінін айтқан, Тараз қаласының тұрғыны әшекей үшін Canon фотоаппаратының соңғы нұсқасын беруге дайын.
Барлығы да қарапайым канцелярлық скрепкадан басталған. Оны қазақстандық вайнер Нағима Ахметова Ғаламторда бәссаудаға салған. Оны "Домино" тобының солисті Закир Егембердиев алған. Оның орнына әнші өзінің селфи-таяқшасын берген. Осыдан кейін бұл селфи-таяқшасын 1989 жылы шыққан пепси-коланың екі бөтелкесіне айырбастаған. Үш аптаның ішінде скрепканың бағасы 70 теңге болған. Алайда науқан мұнымен аяқталмайды.
"Біз қызықты ұсыныстарды күтеміз және бұл акцияны үй алмайынша жалғастыра береміз. Мұндай айырбас болатынына сенеміз. Бізге тек қазақстандықтар ғана еме Ресейден, Қырғызстаннан адамдар хат жазып өздерінің тауары мен бағасын ұсынып жатыр. Біреулер коллекциялық шарап ұсынса, біреулер поэма ұсынған, ал тағы біреулер бұрынғы әйелін ұсынды, - дейді Ерғанат.
2007 жылы канадалық осындай айырбастың нәтижесінде қарапайым скрепканы үйге айырбастағанын жазған. "Нағимаға осындай науқан ұйымдастыруды ұсындым. Менің бір оңай жолмен үй алу арам ойым жоқ, пәтерім бар, бұл тек - азарт", - деді сұхбаттасушы.
Науқанның тағы бір кеңес одағында жасалған пепси-коланың шөлмегі бар. Әзірге ол үшін не ұсынатыны белгісіз. Осыған дейін алматылық Интернет арқылы раритеттік пепси-кола сататынын жариялаған. Ол оның әр қайсысын 34 мың теңгеге бағалалаған.
Показать комментарии
Читайте также