25 қазан 2016 11:11

Алматылық жігіт 1989 жылы сатып алынған Пепси-Коланы сатып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 бөтелкенің бағасы 34 000 теңге © Tengrinews.kz 1 бөтелкенің бағасы 34 000 теңге © Tengrinews.kz

Алматылық жігіт кеңес кезіндегі 1989 жылы сатып алынған Пепси-Коланың сирек кездесетін бөтелкесін сатып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бұл хабарламасын қазақстандық сайттардың бірінде жариялады. Бір бөтелкенің бағасы - 34 000 теңге.


Алматылық жігіт кеңес кезіндегі 1989 жылы сатып алынған Пепси-Коланың сирек кездесетін бөтелкесін сатып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бұл хабарламасын қазақстандық сайттардың бірінде жариялады. Бір бөтелкенің бағасы - 34 000 теңге.

Хабарлама авторының айтуынша, ол Пепси-Коланың екі бөтелкесін бұрында халықаралық eBay аукционында сатып алған екен. "Мен екі бөтелкесін сатып алдым. Бірақ біреуін өзіме қалдыруды шештім де, екіншісін сатып жатырмын. Сатамын деп хабарлама да жарияладым. Шынымды айтсам, айына бір рет қана қоңырау түскен шығар. Мен ол бөтелкелерді eBay аукционында бір америкалық жігіттен сатып алған едім (...) 34 мыңға сатамын, себебі бұл жәдігер. Онымен қоса мен оған өзім біраз ақша салдым. Америкадан жеткізу де қымбатқа түседі", - деді жігіт.

"Мен, әрине, оны ішкен жоқпын. Сіздерге де ішпеуге кеңес беремін. Тек жай коллекция етіп жинамасаңыздар", - дейді хабарламаның авторы.

Айта кетейік, Pepsi (Пепси) - алкогольсіз газдалған сусын. Оны Американың PepsiCo компаниясы шығарады. Ал бірінші Пепси-Кола 1973 жылы шыға бастаған.


Хабарлама авторының Tengrinews.kz тілшісіне жолдаған суреттері

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети