Перзентханаға асығып, жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіге судья кешірім берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Перзентханаға асығып, жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіге судья кешірім берді

Сот қос жолақты кесіп өткен жүргізушіні оқиға болған сәттегі шұғыл жағдайға байланысты кешірді, - деп хабарлайды ATPress.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот қос жолақты кесіп өткен жүргізушіні оқиға болған сәттегі шұғыл жағдайға байланысты кешірді, - деп хабарлайды ATPress.kz.

Оқиға 2017 жылдың қыркүйегінде Атырау қаласындағы Құрманғазы көшесінде болған. Ер адам көпірден түсіп келе жатып, Құрманғазы көшесіне рұқсат етілмеген орыннан бұрылып, жолдың қос жолағын кесіп өткен. 

Оны полицей тоқтатады, алайда, жағдайды салмақтап, ер адамға әйелін перзентханаға жеткізуге мүмкіндік берген (әйел жүкті болған, отбасы егіздердің дүниеге келуін күтіп отырған). Полицей хаттаманы кейін толтырған. Іс сотқа жоданады. Әдетте мұндай ереже бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен бір жылға айырылады. 

Бірақ судья Ботагөз Хасенова іс материалымен таныса келе - полиция ұсынған суретте жолақтың анық байқалмайтынын және жүрізушінің сол кездегі психологиялық, эмоционалдық жағдайын есепке алды. Осылайша, сот шешімі бойынша жүргізуші шұғыл жағдайға байланысты жауапкершіліктен босатты. ҚР Әкімшілік кодексінде осындай бап бар. 

Ал жүргізуші өз кезегінде Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғановтың және өзін ақтаған судьяның атына ризалық хатын жазған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети