07 қазан 2020 15:39

Петропавлда әзілдемек болған әйел айыппұл арқалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Петропавлда полицейлерге хабарласып, жалған ақпарат берген әйел айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Петропавлда полицейлерге хабарласып, жалған ақпарат берген әйел айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

48 жастағы қала тұрғыны "102-ге" хабарласып, оның пәтерінде адам өлімі болғаны туралы хабарлаған. Полицейлер оқиға орнына шыққан кезде ақпарат расталмағаны туралы хабар келген.  

"Әйел адам өзі қайтадан хабарласып, ол жалған ақпарат екенін айтты. Көрсетілген мекенжай бойынша учаскелік полиция инспекторы жіберілді", - дейді Петропавл қаласының ПБ екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов. 

Тәртіп сақшылары пәтерде мас әйел адам мен екі ер адам болғанын анықтаған.  

"Ол отырысты адам өлімі болды деп қызықтыра түспек болғанын мойындады. Бұл әйел адамның істеп отырған алғашқы әрекеті емес. Наурыз айында ол осы секілді заңбұзушылықтары үшін жауап берген. Әзілдеймін деп басы бәлеге қалған әйел адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Енді ол шамамен 80 мың теңге айыппұл төлейді", - дейді СҚО Полиция департаментінің өкілдері.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети