Петропавлда қос майдангердің барлық мәліметі бірдей

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бірінші Михаил Чекунов. ©Тengrinews.kz Бірінші Михаил Чекунов. ©Тengrinews.kz

Петропавлда 87 жастағы екі соғыс ардагерінің барлық өмірбаяндық мәліметі бір-бірінен аумайды. Олардың аты-жөндері ғана емес, туған күндері де бірдей, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда 87 жастағы екі соғыс ардагерінің барлық өмірбаяндық мәліметі бір-бірінен аумайды. Олардың аты-жөндері ғана емес, туған күндері де бірдей, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірақ бұл жайт кездейсоқ сәйкестік емес, ауылдық АХАЖ қызметкерінің қателігі болып шықты. Михаил Чекуновтардың 1927 жылдың 7 қарашасында туған бірі сол қателіктің кесірінен екі аптаға "үлкейіп" шыға келген. Сол себепті 60 жылдан бері ауруханалар мен әскери комиссариатта бұл екі ардагерді жиі шатастыра береді.

Дегенмен екі ардагердің тағдыры ұқсас. Олар Түмен облысының бір ауылында туып, бір мектепте оқыған, 1944 жылы екеуі соғысқа бірдей аттаныпты. Біреуі Батыс майданында, екіншісі Қиыр Шығыста болған. Чекуновтардың екеуі де жеті жылдан соң елге оралған, олар бір жылдан соң Петропавлда кездеседі. Екеуі де бір зауытта жұмыс істеген, бірі токарь болса, бірі радиоқұралдар шығарған. Екеуі әлі күнге дейін араласып тұрады.

"Деревнядан 93 жігіт майданға шақырылды, оның жартысы ғана елге оралды. Бүгінде үшеуі ғана тірі. Біз әзірше шыдап келеміз, деревнямызды баяғыда-ақ сүріп тастады, онда қайтыс болған жауынгерлердің ескерткішінен басқа ештеңе жоқ", - дейді Чекуновтардың бірі.

Екінші Чекунов соғыс кезінде бірнеше елде болған, алғашқы ұрысты Венгрияда көрген. "Немістер контршабуылға кіріскен кез сәуір айы еді, боқмұрын бізді бір көлдің жағасына жіберді. Жеңісті де сол жерде көрдім. Соғыстан кейін менің куәлігімді қате толтырып жіберді, екеуіміздің туған күнімізді бірдей етіп жазыпты, мен оны қалпына келтіруге қанша тырыссам да ештеңе шықпады", - дейді Михаил Чекунов.

Соғыс ардагерлері бұл шатасуға әбден үйреніп кеткендерін айтады, оның кесірінен жағымсыз жайттар да болып тұрады. "Бірде менің тісімді емдетуіме ақша аударылуы тиіс болды, бірақ бәрі екінші Чекуновқа беріліпті. Кейін оған ақшаны қайтаруға тура келді", - дейді аттас ардагерлердің бірі. "Бұрын біз барлық жерге бірге баратынбыз, балыққа да бардық, бірге қыдырдық та, Чекуновтардың отбасы 9 Мамырда үнемі бізге қонаққа келеді, бұл - 40 жылдан бергі дәстүр", - дейді ардагер.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro