Петропавлда мәні екіұшты әлеуметтік жарнама билборды ілінді, - деп хабарлайды "Жетінші арна" тілшілері.
Петропавлда мәні екіұшты әлеуметтік жарнама билборды ілінді, - деп хабарлайды "Жетінші арна" тілшілері.
Билбордта "Өмірден кету жөнінде маманданған көмек" ("Квалифицированная помощь по уходу из жизни") деген мәтін жазылып, есірткі түрілерінің тізімі берілген: кокаин, героин, марихуана, экстаз және ЛСД. Жаңашылдықтың мазмұны есірткі қолданған адам өзін өлтіреді дегенді білдіреді. Бірақ психологтар әдемі хабарландырудың психикасында ауытқушылықтары бар адамдарды тікелей әрекетке шақыратыны, тіпті суицидке шақыратынын айтады.
"Мұндай жарнамаларға қарсымын. Егер бала немесе жасөспірім, оның үстіне психикалық ауытқушылықтары немесе күйзеліс жағдайында жүрсе бір әрекетке баруына итермелейді", - деді психолог Татьяна Комкина.
Жарнама авторлары, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі облыстық орталықтың қызметкерлері мұндай жарнаманы қасақана ілгенін айтады. "Түрлі жамандықты көрсеткен форма адамдардың назарына ілікпейді, ойлануға шақырмайды, тіпті көзге де ілікпейді", - деді салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі облыстық орталық директорының міндеті атқарушы Ольга Фурсова.
Телеарна тілшілері мамандардың адамның санасында қарапайым мәтіндердің де суицид жағдайларына себеп болып жататынын анықтағанын айтады. Сондықтан әлемде метроларда "Шығуға жол жоқ" ("Выхода нет") деген жазу ілінбейді.