Планетаның ең қарт тұрғыны өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд орнатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Планетаның ең қарт тұрғыны өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд орнатты Сурет: Kyodo / Reuters

117 жас және 260 күнге толған Фукуока қаласының тұрғыны Канэ Танака Жапонияда өмір сүру ұзақтығының рекордын жаңартты. Бұл туралы РБК жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

117 жас және 260 күнге толған Фукуока қаласының тұрғыны Канэ Танака Жапонияда өмір сүру ұзақтығының рекордын жаңартты. Бұл туралы РБК жазды.

Министрліктің мәліметінше, ол 2018 жылы қайтыс болған тағы бір жапониялық Тажима Набидің рекордын бір күнге асып түскен. Бұған дейін Танака Гиннестің рекордтар кітабына қазір өмір сүріп жатқан ең қарт адам ретінде енген болатын.

Әйел қарттар үйінде тұрады, ол телеарнаға берген сұхбатында шоколад пен газдалған сусындарды жақсы көретінін айтқан. Танака туыстарының айтуынша, ол өзін жақсы сезінеді және 120 жасқа дейін немесе одан да көп өмір сүруді жоспарлап отыр.

Гиннестің рекордтар кітабында өмір сүру ұзақтығы бойынша үш категория бар: ең қарт ер адам, ең қарт әйел және қазіргі ең қарт адам.

Өмір сүру ұзақтығы бойынша абсолют рекорд 1997 жылы 122 жас, 164 күнде қайтыс болған франциялық әйел Жанна-Луиза Калманға тиесілі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети