Пластикалық ота жасатқан қытайлық үш әйел әуежайдағы төлқұжаттық бақылауда қиындыққа тап болды, - деп жазады Lenta.ru.
Пластикалық ота жасатқан қытайлық үш әйел әуежайдағы төлқұжаттық бақылауда қиындыққа тап болды, - деп жазады Lenta.ru.
Басылымның мәліметінше, олар пластикалық ота жасатып, үйлеріне қайтпақ болған сәтте төлқұжаттық бақылаудағылар әйелдерді өткізбеген.
Дәке мен отадан кейінгі ісікке байланысты әйелдердің түрлері адам танымастай өзгеріп, көрсеткен құжаттарындағы суреттеріне мүлде ұқсамаған. Бірақ басылымдағылар әйелдер үйлеріне қайта алды ма, жоқ па - ол жағын нақтыламады.
Daily Mirror мәліметінше, әуежайда отырған туристер түскен сурет Қытайдағы әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, 51 мыңнан аса лайк жинаған.