Playboy журналының 25 жастағы моделі Джейлин Кук жаңазеландиялық Таранаки тауының шыңында жалаңаштанып суретке түсті. Instagram желісінде жарияланған сурет маори халқының ашуын келтірді. Олар Таранакиді қасиетті шың деп есептейді, - деп хабарлайды The Telegraph.

"Бұл дегеніміз Ватикан ғибадатханаларының біріне шығып, жалаңаштанып суретке түсумен тең", - дейді маори өкілі Деннис Нгаухар. Ер адам модель қыздың әрекетін әр түрлі мәдени ұлыстар арасындағы түсініспеушілік деп бағалады.
Маори Таранаки жанартауын ата-бабалары жерленген орын деп санайды. Сонымен қатар, шыңның өзі жаңазеландиялық халықтың туысы болып саналады екен.
Маори дәстүріне сай, Таранаки шыңына айрықша жағдайда ғана шығуға рұқсат беріледі. Мысалы жерлеу рәсімін жасау үшін. Басқа жағдайларда жанартауға жақындауға болмайды.
Ал Кук осы таудың шыңына шығып, фотосессияға түсудің алдында жанартау туралы барлық мәліметті зерттегенін айтады. "Мен бұл таудың жергілікті мекен екенін еш жерден таппадым", - дейді модель. Қалай болғанда да модель осы суретін Instagram желісінен өшірмейтін болып шешкен.
Маори (Maori), Жаңа Зеландияның полинезиялық халқы. Қазіргі кезде Жаңа Зеландия халқының шамамен 9 пайызы маориге жатады, олардың бәрі еуропалықтармен араласқан. Қазіргі урбандалған өмірге төселсе де, маорилердің көбі дәстүрлі өмір салтын ұстанып, ата-бабадан қалған жерін сақтап қалу үшін күресіп келеді. Олар әлем жұртшылығына ерекше синхронды "Хака" биімен және татуларымен әйгілі болған.