Маңғыстау станциясы көші-қон полициясының желілік полиция инспекторы А. Қуанышев Ақату әуежайында қызметтік бабында жүріп, эскалатордан құлаған ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды "Лада" Маңғыстау облыстық көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 9 шілдеде Ақтау халықаралық әуежайында болған. Алматы облысының 61 жастағы тұрғынын құтқарып қалған полицей аяғын жарақаттап алды.
"Полиция қызметкерінің сауатты іс-әрекетінің арқасында, ер адам зардап шеккен жоқ. Полиция капитаны осы сәтте оң аяғын зақымдаған. Оған медициналық көмек көрсетілді", - делінген ведомство хабарламасында.
Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның жеңіл түрде мас болғаны анықталды.
"Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы 1-бөлігі ("Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 2,5 АЕК (6 312 теңге) айыппұл салынды", - делінген полиция хабарламасында.