Полицей түртіп қалса қолы "өсіп шыға келетін" қайыршының видеосы жария болды

16 Тамыз 2016, 15:39
0
Полицей түртіп қалса қолы "өсіп шыға келетін" қайыршының видеосы жария болды -

Желіде полицейлердің "мүгедек" қайыршының шындығын ашқаны жайлы видео пайда болды, - деп хабарлайды Motor.kz.

Видео көліктің тіркегішіне жазылып қалған. Роликте сол қолы жоқ мүгедек сияқты болып жүрген тілемсек кептелісте тұрған жүргізушілерден қайыр сұрайды. Бұл оқиға Темірлан тас жолында болған. Осы уақытта өтіп бара жатқан полиция көлігі тоқтап, ер адам жасырынбақшы болады. Ақыры ұсталатынын білген ол "жұмысын" қайта жалғастыра береді.  

Алайда полицейлер кетіп қалмай, қайыршыны тексермек болады. Олар ер адамды ұстап, күртесін шешіп қалса, қалтасына тығып алған сап-сау қолы шыға келеді. Қулығы ашылған ер адамды тәртіп сақшылары қызметтік көлікке отырғызып, алып кетеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай