Полицейдің қайырымды ісі атыраулықтарды тәнті етті

01 Маусым 2017, 09:50
0
Полицейдің қайырымды ісі атыраулықтарды тәнті етті -

Полицейдің қайырымды ісі атыраулықтарды тәнті етті. Тәртіп сақшысы мүгедектер арбасында отырған ер адамды базарға жеткізіп салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ЖПП инспекторының қайырымды ісіне куә болдым. Балықшы ауданында шіліңгір ыстықта ер адам Қызы Әскер көшесімен мүгедектер арбасымен келе жатқан. Алдымда ЖПП машинасы келе жатқан, ол тоқтап, ішінен жас жігіт шықты, арбада отырған ер адамға жақындады да көтеріп, көлігіне салды, ал арбаны жүксалғышына қойды. Қайда жеткізетінін қарап отырдым. Ол оны Балықшыдағы базарға апарды. Рамазан айында қандай керемет. Жарайсың. Осындай жігіттер көп болсын! Осы әрекетіне алғыс айтқым келеді", - деп жазды куәгер Instagram желісіндегі zello_atyrau парақшасында суретті жариялай отырып.


© instagram.com/zello_atyrau

Полицейдің әрекетіне желі қолданушылары ризашылығын білдіріп, пікір жазып жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай