Президенттің бейресми суреттері Instagram желісінде жарияланады

27 Қаңтар 2016, 15:53
16
Президенттің бейресми суреттері Instagram желісінде жарияланады - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Ақорданың баспасөз қызметі Instagram және Facebook желілерінде Президенттің бейресми суреттерін жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі "Президент: еркін ракурс" кітабындағы суреттерді жариялай бастады. Онда бұрын-соңды ақпарат құралдарында жарияланбаған, Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен іс-шаралардың суреттері жинақталған.

"Олардың кейбірі Ақорданың Instagram желісіндегі ресми парақшасында күн сайын жарияланып тұрады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Tengrinews.kz бұған дейін осы кітаптағы суреттерді фотобаянда жариялаған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (16)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай