Путин әскериден әйелінің ит асырауына рұқсат беруін сұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ресей президенті Владимир Путин "тікелей желі" барысында отставкадағы әскери адамнан әйелінің ит асырауына рұқсат беруін сұрады. Тікелей трансляцияны Tengrinews.TV жүргізді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресей президенті Владимир Путин "тікелей желі" барысында отставкадағы әскери адамнан әйелінің ит асырауына рұқсат беруін сұрады. Тікелей трансляцияны Tengrinews.TV жүргізді.

"Тікелей желі" барысында жүргізуші Елена есімді танысының хатын оқыды. Әйел құрбысының жақында 40 жасқа толатынын жазған. Ол бұрыннан бері ит асырауды армандап жүр екен, бірақ оның күйеуі, отставкадағы әскери адам үйде жануар асырауға рұқсат бермеген. Сонымен қатар, әйелге итті таныстары сыйлайын деп отырған көрінеді. Ол Путиннен тікелей эфир арқылы әскери күйеуіне былай деп айтуын өтінген: "Борис, сенікі дұрыс емес, әйеліңе ит асырауға рұқсат бер".

Ресей президенті, бас әскери қолбасшы ретінде де Бориске бұйрық бере алмайтынын жеткізді. Путин бірігіп жоспар құрып, әрекет етуді ұсынды. "Мысалы, сіз бен мен бірге - мен және сіз - Бористен әйеліне рұқсат етуін өтіне аламыз. Ал Еленаның былай деуіне болады: "Жоқ, маған иттің қажеті жоқ, сен қалай десең солай болады". "Осыдан кейін ол әйеліне ит емес піл сыйлайтынына сенімдімін, әсіресе егер ол бұл сөзді ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде айтса. Мүмкін тон әперуге де уәде беріп қалар", - деді РФ басшысы. Сонымен қатар, Путин тікелей эфир арқылы ер адамнан әйеліне жақсылық жасауын өтінді. "Борис, өтінемін, мейірімді болшы, әйеліңе ит сатып алуға рұқсат берші, бұл нәрсе отбасын берік ете түседі", - деді президент отставкадағы полковникке. 

Бұған дейін Путин бұдан да салмақты мәселені қозғаған болатын - Украинадағы жағдай. Ол Украина көшбасшысы Петр Порошенконың Донбасты қайтарып алу туралы ұсыныс жасамағанын айтты. Путиннің айтуынша, ол әріптесімен Донбастың экономикасы мен әлеуметтік саласын жандандыруға қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, Путин Ресейдің Донбастағы жағдайға қатысты өз позициясын тықпалап, араласайын деп отырмағанын, бірақ өз пікірін жеткізе алатынын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro