Қалыңдықтың гүліне таласқан қазақстандық қыздардың видеосы Желіде хит болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қалыңдықтың гүліне таласқан қазақстандық қыздардың видеосы Желіде хит болды © Youtube

Қазақстанда болған үйлену тойларының бірінің видеосы Интернетте кеңінен тарала бастады. "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде оны ондаған мың адам көрген.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда болған үйлену тойларының бірінің видеосы Интернетте кеңінен тарала бастады. "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде оны ондаған мың адам көрген.

Роликтен қалыңдықтың тұрмысқа шықпаған қыздарға теріс қарап тұрып қолындағы гүлін лақтырғанын көруге болады. Сол гүлді ұстаған қыз келесі болып тұрмысқа шығады деп есептеледі.

Видеодан гүлдің жерге түскенін және оны бір қыздың көтеріп алғанын көруге болады. Алайда асаба "есептелмейді" деп шешіп, қайта лақтыруын өтінді. Осы кезде қыздың анасы араласып: "қайдан алынғаны бәрібір емес пе" деді. Ақыры қалыңдық гүлді қайта лақтырды. Ол жолы гүлді басқа бір қыз ұстап алды.

Айта кетейік, осыған ұқсас видеолар бұған дейін де жарияланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети