Қарағандылық балалар өздерін жауынгер сезініп көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылық балалар өздерін жауынгер сезініп көрді

Халықаралық балалар күніне полиция департаменті қызметкерлері балаларға арнап үлкен мереке ұйымдастырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Балалар шексіз көлемде балмұздақ пен тәтті мақта жеп, ойыншық көліктері мен пониға мінді, сондай-ақ жедел қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлері мен арнайы техникалармен суретке түсулеріне де мүмкіндік болды.

Полицейлер балаларды мерекемен құттықтап қана қоймай, тәттілер де таратты, сондай-ақ әрқайсысына скейтборд, доп, қарандаштар, альбом, естелік сыйлықтар мен басқа да тосынсыйлар жасады. Балаларға қонаққа - фиксики, Латын америкасының ковбойлары мен үндістері сияқты танымал кейіпкерлері келді.

Ұл балалар оқ өтпейтін кеудешелерді киіп, қолдарына автоматты ұстап мәз болды. Қыз балалар пониға мініп, кинологиялық қызметтегі қызметтік іздестіру иттерімен суретке түсті. Осы күні арнайы жасақ жауынгерлері өздері үшін үйреншікті емес кейіпте болды, олар  көздері ойылған маскаларын шешіп балаларға жылы қарап, бүлдіршіндерді қолдарына көтеріп, суретке түсті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети