Қарағандылық полицейлер бағанаға байлаулы қайыршы баланы тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылық полицейлер бағанаға байлаулы қайыршы баланы тапты

Қарағандылық полицейлер бағанаға байланған қайыршы баланы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылық полицейлер бағанаға байланған қайыршы баланы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

БАҚ пен әлеуметтік желілерде бағанаға байланған қайыршы бала туралы ақпарат тарағаннан кейін Қарағанды полицейлері тексеріс жүргізген. Полицейлер адамдардан қайыр сұрап жүрген төрт баланы ұстаған. Жағдайдың мән-жайын анықтау кезінде балалардың бір-бірін байлап ойнағаны белгілі болды. 

"Тексеріс кезінде Бұқар жырау даңғылында қайыр тілеп жүрген кәмелетке толмаған балалар полиция бөліміне жеткізілді. Ең үлкені - 11 жаста. Алты және төрт жастағы екі қыз және бес жастағы бала бар", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Балалар төрт жастағы қызды өзінің сұрауы бойынша байлап қойған. Олар жол бойында қайыр сұрап жүрген. Осы кезде оларға ер адам келіп, оларды суретке түсіріп алған және ол үшін 50 теңге берген екен. Сонымен бірге, балалар анасынан қашып кеткендерін жасырмады. 

"Балалар Теміртау қаласынының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберіледі. Балаларды суретке түсірген адамның кім екені анықталып жатыр", - дейді полицейлер. 

Мұның алдында бағанаға жіппен байлаулы тұрған қайыршы баланың суреті Instagram желісінде тараған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети