Қатты ағыс кезінде Үлкен Алматы өзенінде ойнап жүрген балалардың видеосы таралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қатты ағыс кезінде Үлкен Алматы өзенінде ойнап жүрген балалардың видеосы таралды Видеодан алынған кадр

Алматыда балалар қатты жаңбыр салдарынан пайда болған ағын кезінде Үлкен Алматы өзені бойында ойнаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда балалар қатты жаңбыр салдарынан пайда болған ағын кезінде Үлкен Алматы өзені бойында ойнаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

13 мамырда түсірілген видеодағы кадрлардан су тасып жатқан өзен бойында ойнап отырған балаларды көруге болады. Ойынның ережесі бойынша, балалар өзен толқыны көтерілген кезде қоршаудан секіріп өтуге үлгеруі керек немесе сол күйі орнында отыра беруі керек екен.

Видео авторының айтуынша, ер адам сол кезде баласымен серуендеп жүрген. Тасып жатқан судың бойында ойнап жатқан балаларды көрген ер адам оларға ескерту жасаған, алайда олар ер адамның айтқанын құлақ аспаған. 

Сондай-ақ, куәгер сол аумақта олардан басқа тағы балалардың ойнап жүргенін айтып өтті.

"Басқа балалар менің айтқанымды тыңдап, ескертуден кейін қауіпсіз жерге ойнауға кетті", - дейді жергілікті тұрғын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети