Қазақстан депутаттары тез сөйлейтін болған - Мәжіліс спикері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан депутаттары тез сөйлейтін болған - Мәжіліс спикері ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан депутаттары тез сөйлейтін болған. Бұл туралы Парламент палаталарының біріккен отырысында Мәжіліс спикері Қабибулла Жақыпов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан депутаттары тез сөйлейтін болған. Бұл туралы Парламент палаталарының біріккен отырысында Мәжіліс спикері Қабибулла Жақыпов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мәжіліс пен Сенаттың өнімді жұмысында екі палатаның да екі жедел заң жобасын 24 күн ішінде қараған жағдайы кездесті. Бұл үкімет туралы және мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзырлардың шектелуі мәселелері бойынша конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы заң. Екі жедел заң жобасы бойынша жұмыстың жылдамдығы мен сапасы келесідей мәліметтерді береді. Осы айтылған кезеңде депутаттар мен жұмыс топтары 775 түзетуді қарап, олардың 329-ын қабылдады. Аудармашы-синхроншылар маған осы уақытта депутаттардың тез жұмыс істеп қана қоймай, тез сөйлей бастағанын және олардың сөзін аударып үлгермеген жағдайларының болғанын айтты", - деді парламенттің төменгі палатасының спикері төртінші сессияның жабылуы кезіндегі сөзінде.

Сонымен қатар, ол депутаттардың 2015-2017 жылдардағы республикалық бюджетінің параметрлерінің өзгерістеріне барынша жауапкершілікпен қарағанын атап өтті. "Жағымсыз экономикалық конъюнктураға қарамастан, бюджет қабылданып, азаматтар алдындағы өзінің барлық әлеуметтік міндеттемелерін сақтап қалды", - деді Жақыпов.

Айта кетейік, биыл парламенттің бесінші шақырылымындағы төртінші сессиясы 15 шілдеге дейін ұзартылды. Тәртіп бойынша, Сессия маусым айының соңында жабылады, одан кейін депутаттар қыркүйекке дейін жазғы демалысқа кететін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети