Қазақстандық суретші Обаманың мүсінін жасады

Видео скриншоты

Қазақстандық суретші Айдос Есмағамбетов АҚШ президенті Барак Обаманың мүсінін жасады, - деп хабарлайды Tengrinews TV.

Мүсінді жасауға Айдос бір жыл уақыт жұмсапты. Ол бұл іспен қолы бос кезде ғана айналысқан. Мүсіншінің айтуынша, "Обама" толықтай пластиктен жасалды, бірақ қолдары мен басына силикон пайдаланылды. Есмағамбетов шығармашылық жұмысын видеоға түсіріп, Интернетке жариялайды. АҚШ президентінің мүсінін жасау идеясын оған танысы айтқан екен. Айта кетейік, бұған дейін ол Қазақстан Президенті мен Абылай ханның мүсіндерін жасаған еді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Есмағамбетов бұған дейін масалар туралы "Өлгендермен селфи" атты қорқынышты фильмімен танылды. Үрейлі оқиға Астанада болады, басты рольдегі адам масаларды өлтіру туралы ғылыми жұмыспен айналысады, дегенмен ол нәтиже бермейді. Оның орнына адамдарды зомбиға айналдыратын вирус таралып кетеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама