23 шілде 2015 15:45

Астанада масалар туралы үрейлі фильм түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада масалар жайында "Өлгендермен селфи" атты қорқынышты фильм түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Картинаның түсірілім жұмыстары аяқталды, фильм монтаждалып жатыр.


Астанада масалар жайында "Өлгендермен селфи" атты қорқынышты фильм түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Картинаның түсірілім жұмыстары аяқталды, фильм монтаждалып жатыр.

Үрейлі оқиға Астанада болады, басты рольдегі адам масаларды өлтіру туралы ғылыми жұмыспен айналысады, дегенмен ол нәтиже бермейді. Оның орнына адамдарды зомбиға айналдыратын вирус таралып кетеді. Фильм режиссері әрі сценарий авторы - Ермек Шаяхмет.

"Түсірілім жұмыстары Астанадағы белгілі жерлерде өтті, оның ішінде "Бәйтерек" пен "Хан шатыры" да бар. Сондықтан да көрермендерге Бәйтеректің ішінде зомби көрген қызық болады деп ойлаймыз", - деді түсірілім тобының мүшесі Айдос Есмағамбетов.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсінін жасап аты шыққан қостанайлық Есмағамбетов актерлерге грим жасады. Оларды зомбиға айналдырды. Ол картина режиссерімен Интернет арқылы танысқан. Режиссер оны түсірілімге қатысуға шақырады. Үрейлі фильмнің экранға шығу уақыты әзірше белгісіз.

Фото: AIDOSSTUDIO

© O M N I A R S

Осыған дейін Қазақстанда үрейлі екі фильм түсірілді: Тұрсын Құлахметовтың "Махаббат - қастық" фильмі және Еркін Рақышевтың 2011 жылғы "М-агент" фильмі. Екі фильм де өз көрермендерін тапты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети