Қазақстандық тележүргізуші Криштиану Роналдудың сүйіктісі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық тележүргізуші Криштиану Роналдудың сүйіктісі аталды Қазақстандық белгілі тележүргізуші әрі модель Екатерина Краснова. Фото жеке мұрағаттан алынған

Қазақстандық белгілі тележүргізуші әрі модель Екатерина Краснова Vesti.kz тілшісіне түрлі жағдайлардың тоғысуына байланысты "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналдудың қызы атанғаны туралы айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық белгілі тележүргізуші әрі модель Екатерина Краснова Vesti.kz тілшісіне түрлі жағдайлардың тоғысуына байланысты "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналдудың қызы атанғаны туралы айтып берді.

Соңғы матчтардың бірінде Екатерина Красникова деген қыздың Криштиану Роналдумен суретке түскені белгілі болды. Футболшының фан-клубтарының барлығы сол суретті жариялап, ол қыздың орнына Қазақстан азаматшасын тегінің үндестігіне байланысты атай бастаған.

"Мен өз Instagram-ымды ашып, 200 футболшыны көрдім, олар жазылушы ретінде тіркеуді өтінді. Басында не болып жатқанын түсінбедім, кейін сол суретті көрдім. Біраз уақыт өткенде, жазылушылар көбейіп, маған былай жаза бастады: "Құттықтаймыз, Сіз Криштиану Роналдудың қызы екенсіз ғой!". Мен күлдім де, суретімді жарияладым және былай деп жазба қалдырдым: "Біз бәріміз енді бір кемеде сияқтымыз ғой", сөйттім де Роналдуды белгіледім. Ол ажиотаж одан әрі ушықты", - деді Краснова.

Қазақстандық тележүргізушінің айтуынша, осы оқиғадан кейін оның Telegram сервисіне өте көп хабарлама келетін болған, олардың басым бөлігі құттықтау мен Роналдуға оны қалай сүйетіндерін жеткізу туралы өтініш. "Мен хабарламалардың бірінен скриншот жасап, былай деп жаздым: "Менің бір ғана сұрағым бар, менің номерімді қайдан табасыздар?". Сол суреттің астында қазір 86 мың пікір бар, телефоныма да тыным жоқ. Алайда мен ешқашан біз жұппыз ба, жоқ па айтқан емеспін, тек болып жатқан жағдайды бақылап жүрмін, бұл менің көңілімді көтереді. Адамдар бұл жайды өздері жандандырып жүр", - деді Краснова.

Толығырақ мына жерден оқуға болады.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың басында Криштиану Роналду Ирина Шейкпен ажырасқанын мәлімдеді, осыдан кейін футболшының өзге қыздармен романы туралы жиі айтылатын болды. 

Жанкүйер Екатерина Красникова мен Криштиану Роналду

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети