Қазнетте ерекше флешмоб ұйымдастырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазнетте ерекше флешмоб ұйымдастырылды © Aziz Zairov/Facebook

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық мақсатында бастау алған спорттық флешмоб кеңінен таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық мақсатында бастау алған спорттық флешмоб кеңінен таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерекше флешмобты екінші топтағы мүгедек Әзиз Зайыров бастаған. Флешмоб ережесіне сәйкес, бір қолмен 65 рет жерден көтерілу керек.

"Мен тамызда 48 жасқа толамын, екінші топтағы мүгедекпін! Кәсіби спортшы да емеспін! Мықты ер адамдарды, жігіттерді, спортшыларды, бизнесмендер мен тілшілерді, саясаткерлерді және құрылысшыларды осы флешмобқа қатысуға шақырамын. Қыздар, әйелдер, апалар, аналар, ер адамдарды белгілеп, флешмобқа қатысуға шақырып, қолдау көрсетіңіздер. Жаттығуды жасап, видеосын жариялау керек. Мүмкін болған ақшаны қайырымдылыққа беру керек. Қаражаттың 50 пайызы қатерлі ісікке шалдыққан Айша есімді қызға беріледі. Қалған осындай балаларға бөліп береміз", - деді ол.

Айта кетейік, флешмобты көп адам қолдап жатыр. Олардың ішінде әйелдер мен қыз балалар да бар.

Әзиз

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети