Қазнетте жұлдызға айналған рэпер-жанармай құюшы полицейлерден кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазнетте жұлдызға айналған рэпер-жанармай құюшы полицейлерден кешірім сұрады © Youtube кадрынан алынған сурет

Петропавлдық рэпер-бензин құюшы Азизхан Баймұратов билік өкілдерінен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Facebook желісінде оның жанармай құю бекетінде тұрып өнер көрсеткені түсірілген видео таралғаннан кейін ол қиындықтарға тап бола бастаған. Орындаушы кешірім сұрағанын видеоға түсіріп, өзінің Youtube сайтындағы арнасына жариялады.

Айта кетейік, рэпер-бензин құюшы осыған дейін видеоролигінде "қоқыс" деген сөзді пайдаланған болатын. "Бәріне сәлем! Мен, Азизхан Баймұратов, билік өкілдерінен роликте оларға тіл тигізгенім үшін кешірім сұраймын. Біріншіден, бұл жай сөз тіркестері болатын. Екіншіден, менің достарым, таныстарым, туыстарымның арасында осы салада жұмыс істейтіндері өте көп. Мен олар жайында жаман сөз айтқым келген жоқ. Бұл жай әзіл үшін түсірілген ролик еді", - деді Азизхан Баймұратов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети