Қоғамдық көлікте түсірілген видеолар жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қоғамдық көлікте түсірілген видеолар жария болды ©Tengrinews TV

Tengrinews TV қоғамдық көлікте түсірілген видеоларды жария етті. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews TV қоғамдық көлікте түсірілген видеоларды жария етті. 

''Алматыэлектротранс'' өкілдері видеотіркегіштердің жол-көлік оқиғаларын түсіріп алатынын айтады. Бұл жол апаттарына қоғамдық көлік жүргізушісі де, өзге көліктердің жүргізушісі де кінәлі болып жатады. Мұнымен қатар, камералардың обьективіне жүргізушілер мен жолаушылардың әрекеті де ілігеді.

Айталық, бірде бейнебақылау камерасына жол жүру кезінде бір жолаушының қолынан жарақат алған сәті түсірілген. Бұл жағдайда автобус жүргізушісі жазаға тартылып, көлік жүргізу куәлігінен екі жылға айырылды. Сонымен қатар, зардап шеккен әйелге өтемақы өндірілді. 

 

''Алматыэлектротранс'' жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне кіретін үш автобус паркі мен бір троллейбус паркі, сонымен қатар трамвай депосы Алматы қаласындағы жалпы қоғамдық көліктердің жартысына жуығын алып отыр. Автобустарда төрт камерадан бар. Оның біріншісі көліктің жүріп келе жатқан жолын, ал қалған үшеуі салонның ішін түсіреді.

Айта кетейік, Алматыдағы қоғамдық көліктерге бейнебақылау камералары 2011 жылы орнатылған болатын. Бірақ камералар тек муниципалдық автобустар мен троллейбустарда ғана бар. Камераларға жазылған видеолар автопарк базасында бір айға дейін сақталып отырады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети