Қожанасыр мен Алдар көсе оқушыларға жемқорлықпен күресті үйретті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қожанасыр мен Алдар көсе оқушыларға жемқорлықпен күресті үйретті ©ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО департаментінің баспасөз қызметі

Орал қаласында мектеп оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруды үйрету үшін "Қожанасыр мен бай", "Алдар көсе" халықтық ертегілері қолданылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл тақырыпты сабақта талдау үшін "Үйшік", "Шортанның әмірі бойынша", "Айболит" және "Милиционер Степа ағай" шығармалары да пайдаланылған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл сабақтар Орал қаласындағы №7 және №40 мектепте өтті. "Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында тұлғаны бала кезінен қазақстандық париотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу туралы айтылған. Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті қызметкерлері Орал қаласындағы №7 және №40 мектеп оқушыларына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сыныптан тыс сабақтарды өткізді", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалар берілген тапсырмаларға жауап беріп, өздерінің отбасылары мен еліне деген махабаттарын білдірді. Сонымен қатар, сабақ барысында балаларға сыйлықты тек шын жүректен беру керек екені түсіндірілді.

"Сабақтың барысында "Сыйлық және алғыстың басқа да түрлері" тақырыбында слайд көрсетіліп, оқушылар сыйлықты бір нәрсеге ауыстыру немесе қандай да бір нәрсені істемеу үшін емес шын жүректен беру қажеттігін ұғынды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Қазақстан мектептері мен жоғары оқу орындарында жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін қозғайтын пәннің 2017 жылы пайда болуы мүмкін екені бұған дейін хабарланған болатын. Бастапқы кезде тоқсанда немесе семестрде бірнеше сағатқа есептелген тематикалық сабақтар болады. Ал жаңа оқу жылынан бастап (2015-2016 жылдар) мектептерде - "Адам және құқық", "Өзін-өзі тану", жоғары оқу орындарында - "Құқық негіздері" сияқты қоғамдық пәндердің аясында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша сағаттарды қарастыру жоспарланып жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети