Құран жарысында озған балаға 75 000 теңге беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құран жарысында озған балаға 75 000 теңге беріледі ©Muftiyat.kz

Рамазан айының құрметіне Алматыдағы Орталық мешітте бүлдіршіндер арасында Құран жарысы өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі діни мекеменің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рамазан айының құрметіне Алматыдағы Орталық мешітте бүлдіршіндер арасында Құран жарысы өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі діни мекеменің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Әрбір мұсылман адам Рамазан айында мүмкіндігінше көп Құран оқуға тырысады. Ал толық оқу- одан да жақсы. Бір сөзбен айтқанда, бұл айда Қасиетті Құран Кәрімге айрықша көңіл бөлінуі тиіс. Дей тұрғанмен, біздің Құранға деген ықыласымыз сөнбес үшін, оны ұрпаққа дұрыс жеткізуіміз қажет. Құран оқу тәртібін үйретіп, Құранға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеуіміз қажет. Сонымен қатар, жастайынан сүрелер жаттауға ынталандыру қажет. Осы мақсатта Алматы Орталық мешіті 10 жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында Құран оқу жарысын жариялайды", - делінген таратылған хабарламада.

Жарыс 11 шілдеде ұл және қыз балалар арасында жеке-жеке өтеді. Оған қатысу үшін тәжуид ережелерімен қоса, Шәмс сүресінен бастап, Нәс сүресіне дейін жатқа білу тиіс. Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына дейін мән беріледі.

Сыйақы мөлшері: 1-орынға - 75 000 теңге, 2-орынға - 55 000 теңге, үшінші орынға 35 000 теңге беріледі. Сондай-ақ бес ынталандыру сыйлығы бар, олар – электронды Құран үлгілері.

Орталық мешіт өкілдерінің хабарлауынша, қазылар құрамында Астана қаласы, Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің бас имамы, хафыз Жұманазар Садырханов, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Бақтияр Қасымалиев және "Әбу Ханифа" медресесінің араб тілі және фиқһ пәндерінің ұстазы Әлішер Ташбаев бар. Жарысқа қатысу үшін 7 шілде күні сағат 10.00 - 12.00 арасында Орталық мешіттің үлкен залына келіп тіркелу қажет. Қосымша ақпаратты +7 701 812 9983 телефонына (Қасым ұстаз) хабарласып алуға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети