Ресейде сирек тұқымды жолбарыстары бар жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде сирек тұқымды жолбарыстары бар жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды

Ресейде сирек тұқымды жолбарыстары бар жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде сирек тұқымды жолбарыстары бар жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сенбіге қараған түні Мәскеу-Челябі тасжолының Орынбор облысындағы бөлігінде жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткен. Көлікте сирек тұқымды жолбарыстар болған, олар Волгоградтан Үфідегі циркке жеткізілуі тиіс болыпты. Жол полициясының қызметкерлері жол-көлік оқиғасы болған жерде жүргізушіні де, шығарып салып келе жатқан көлікті де таппаған. Ал бүгін Үфіден жолбарыстарды алып кетуге тағы бір жүк көлігі жолға шығып, ол да тасжолда қалып қойған. 

Оқиға орнына барған аң баптаушылар жүк көлігіндегі тордың ішінен төрт бенгал және бір амур жолбарысы барын анықтаған. Жыртқыш аңдар үркіп қалған, сондықтан оларды көліктен шығару мүмкін болмаған. Жол қызметіндегілер көлікті қар құрсауынан шығару жұмыстарымен айналысып жатыр.

"Үфіден келген маман жануарларды қарады. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді агенттікке сұхбат берген дереккөз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети