Ресейлік азаматша ұшақта "Путин сендерді өлтіреді" деп айқайлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік азаматша ұшақта "Путин сендерді өлтіреді" деп айқайлады © Youtube.com

19 маусымда Парижден Мәскеуге ұшатын "Аэрофлот" рейсінің жолаушылары мас әйелдің бизнес-класста шығарған жанжалының куәгері болды. Олардың бірі оқиғаны видеоға түсіріп алып, YouTube ресурсына жүктеді.

Бортқа шақырылған француз полицейлерге әйел ағылшын тілінде: "Владимир Путин сендерді өлтіреді!", - деп айқайлады. Ресейлік азаматша ұшақтан түсіріліп, рейс бір сағатқа кешікті.

Куәгерлердің айтуынша, әйел адам әуежайдағы бизнес-класс жолаушыларына арналған бөлмеде де ішімдік ішкен. Ұшаққа мінгеннен кейін ол "Аэрофлот" қызметкерлеріне мінез көрсете бастапты. Тәртіп сақшыларын шақырған кезде ол одан ары дөрекі мінез танытқан. Қазір жолаушының кім екені анықталып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети