Ресей мәйітханасында "тіріліп кеткен" адамның видеосы таралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей мәйітханасында "тіріліп кеткен" адамның видеосы таралды видео кадрлары

24 қаңтарда Тверьдегі мәйітханалардың бірінде түсірілген "тірі мәйіт" туралы видео ресейлік телеграм-арналарда таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

24 қаңтарда Тверьдегі мәйітханалардың бірінде түсірілген "тірі мәйіт" туралы видео ресейлік телеграм-арналарда таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ролик бейнебақылау камераларынан түсірілгендей. Кадрларда үсті жабылған ер адам оны қалай ысырып тастап, көтерілгенін көруге болады. Видеоға жазылған жазбада Тверь мәйітханасында мәйіт таңертең "өмірге келді" делінген.

Кейінірек Тверь облысының Денсаулық сақтау министрлігі бұл бейнені жалған деп атады, бұл қалада жазбадағы бөлмеге ұқсас мәйітханалар жоғын атап өтті.

"Видео - фейк. Тверь мәйітханаларының бірі ретінде түсірілді деп көрсетілген бейнежазбадағы бөлме ондай емес. Тверьде бейнежазбадағыға ұқсас мәйітхана жоқ", - деп түсіндірді РИА Новостиге Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Интернеттегі кинотеатрлардың бірінің баспасөз қызметі "тірі мәйіт" түсірілген үзінді фильмдегі кадрлар екенін мойындады.

"Біз бұл жаңалықта пайда болған видео трейлерден желіге түсірілген кадрлар екенін хабарлағымыз келеді", - делінген "Москва 24" кинотеатрының хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети