14 қараша 2014 16:07

Ресейде жол апатынан робот "қаза тапты"

ПОДЕЛИТЬСЯ

©krasview.ru ©krasview.ru

Ресейде Nissan автокөлігі роботты қағып кетті, - деп хабарлайды Krasnews.com. БАҚ мәліметінше, апат Красноярскіде 14 қараша күні таңертең болған.


Ресейде Nissan автокөлігі роботты қағып кетті, - деп хабарлайды Krasnews.com. БАҚ мәліметінше, апат Красноярскіде 14 қараша күні таңертең болған.

Күшті жел соққан кезде камера, микрофон және модеммен жабдықталған робот жолға шығып кетеді, сол кезде көліктің астына түсіп қалды. Автокөлік иесі шағым түсірмеді. Күрделі аппарат бастапқыда бақылау пункті ретінде автоквест қатысушыларына кезекті тапсырма жайлы хабарлап тұруы қажет болған.

Айта кетейік, бүлінген аппараттың құны - 250 мың рубль. Қираған техниканың иесі оны жалға бергісі келмегендігін мәлімдеді. "Роботты аяймын. Ол бізде жалғыз еді.  Нәпақа табуға - автоквест үшін жалға берген едік. Енді, міне саған: апатқа біз кінәліміз, жүргізуші мұнда кінәлі емес, оның ісі бұл жағдайда дұрыс. Жақсы адам боп шықты, достықпен тарқастық, көлігінің бүлінгеніне ақша сұрамады", - деді роботтың иесі, кәсіпкер Владимир Александров Lifenews.ru сайтына берген сұхбатында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети