03 наурыз 2019 | 12:33

Ресейлік сатушы қыздың нокауты UFC файтерін тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Ұлыбританиялық UFC файтері Даррен Тилл Instagram желісіндегі парақшасында ресейлік сатушы қыздың келушілердің бірін нокаутқа түсірген видеосын жариялады.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританиялық UFC файтері Даррен Тилл Instagram желісіндегі парақшасында ресейлік сатушы қыздың келушілердің бірін нокаутқа түсірген видеосын жариялады.

Спортшы нәзік жанды қыздың ашуға булыққан сатып алушыны сабасына түсіргеніне таңғалған. "Егер қауырсынмен ойнайтын болсаң, сені қыттықтайтынына дайын бол", - деп жазды ол видеоның сипаттамасында. 

Вести.Ru порталының мәліметінше, оқиға Ресейдің Владимир облысындағы Гусь Хрустальный қаласында болған. Дүкенде орнатылған бейнебақылау камерасы түсірген видеода кезекте тұрған сатып алушылардың бірі жанында тұрған ер адамның басын тоңазытқышқа ұра бастайды. Осыған шыдай алмаған сатушы қыз ер адамға бірнеше соққы жұмсап, нокаутқа түсіреді. 

Ресей дүкенінде болған жағдай Reddit сайтында кеңінен талқыланды. Желі қолданушылары қыздың әрекетіне тәнті болғандарын айтып, сезімдерін білдірген. Пікір қалдырушылар қызды әділдік орнату мақсатында жасалған кинодағы суперқаһармандарға теңеді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети