Риддер тұрғыны балағат сөздерді көршісіне емес, итке айтқанын сотта дәлелдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риддер тұрғыны балағат сөздерді көршісіне емес, итке айтқанын сотта дәлелдеді © vostok.today

Риддерде жергілікті тұрғын балағат сөздерді көршісіне емес, итке айтқанын сотта дәлелдеді, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риддерде жергілікті тұрғын балағат сөздерді көршісіне емес, итке айтқанын сотта дәлелдеді, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Порталдың мәліметінше, жігіттің үстінен қозғалған әкімшілік өндіріс тоқтатылды. Себебі ол көршісін емес, итті балағаттағанын сотта дәлелдеді.

"24 жастағы жігіт достарын үйіне шақырған. Шулағандары үшін оларға көршісі жүгіріп келіпті. Тысқа шыққан жігіт әңгіменің мән-жайын естіп, ашуланып, балағат сөз айтқан. Айтылған сөздер өзіне бағытталды деп ойлаған әйел полицияға арызданды. Бұл дерекке қатысты қылмыстық өндіріс қозғалды", - делінген жарияланымда.

Жігіт сотта адвокатының көмегімен балағат сөздерді әйелге емес, итке айтқанын дәлелдеді. Оның айтуынша, сол сәтте ит үріп, ол әйелдің айтқан сөздерін естімеген, сондықтан итке балағат сөздер айтыпты. Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық айыбы да алып тасталды, себебі жігіт қоғамдық орында емес, өз үйінде болған.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети