25 желтоқсан 2019 | 14:07

Рудный маңындағы карьерде жұмбақ қаңқа табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қашар карьерінің оңтүстік өңірін тазалау кезінде ежелде өмір сүрген жануардың омыртқасы табылды. Оның формасы алып балыққа ұқсас, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қашар карьерінің оңтүстік өңірін тазалау кезінде ежелде өмір сүрген жануардың омыртқасы табылды. Оның формасы алып балыққа ұқсас, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұрындары Қазақстанның біршама бөлігінде теңіз болған. Мұнда акулалар мен балықтардың неше түрі өмір сүрген. Біз бұрындары да тістерді, омыртқаларды және басқа да су жануарларының қалдықтарын табатынбыз. Алайда жақсы сақталған балықтың қаңқасын бірінші рет таптық", - дейді "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" АҚ бас геологы Николай Соломин.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында фото бойынша ненің сүйегі екенін дөп айту қиын екенін түсіндірді. Бірақ болжамдап көрді. 

"Бұл балық па, кесіртке ме не басқа ма - болжау қиын. Бірақ балыққа қатты ұқсас. Арнайы мамандарды тартып, зерттеу керек. Оны экскаватормен қазған болса, ең болмағанда жасын анықтау үшін оны белгілі бір тереңдік өкіліне жатқызуға болады", - деді музей қызметкері Андрей Андрющенко.

ССКӨБ өздерінің олжасы туралы Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне хабарлауды жоспарлап отыр. Жұмбақ жануардың сүйектері зерттеуден кейін Қашар тау-кен кешенінің экспонаты болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети