Сабина Алтынбекованың сұлулығы талқыланған видео 3 миллион рет көрілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сабина Алтынбекованың сұлулығы талқыланған видео 3 миллион рет көрілді © YouTube

Қазақстандық волейболшы қыз Сабина Алтынбекованың сұлулығы талқыланған видео 3 миллион рет көрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны YouTube сайтында JustKiddingNews арнасы 2014 жылдың 29 шілдесінде жариялаған болатын. Kazakh Volleyball Player Is Too Beautiful To Play Volleyball ft. David So (Қазақстандық волейболшы қыз волейбол үшін тым сұлу) деген атаумен жүктелген видеода жүргізушілер танымал спортшы қыздың сыртқы келбетін талқылайды. Олар қыздың әдемілігі ойын жанкүйерлерінің назарын өзіне аудартатынын айтты. Сонымен қатар, жүргізушілер Сабина Алтынбекованың келбетін азиялықтарға да еуропалықтарға да ұқсатты.

Жақында Сабина Алтынбекова индонезиялық Surabaya News порталының тұжырымы бойынша ең әдемі спортшы атанған болатын. "18 жастағы спортшы қыздың түрі өте әдемі, денесі де, ол терісінің аққұбалығымен ерекшеленеді. Ол сүйкімді және бүкіл әлемге танымал", - деп жазады басылым. Тізімнің екінші орнына 2012 жылғы спорттық гимнастикадан командалық біріншілікте олимпиада чемпионы атанған, ағылшын Маккайла Марони жайғасты. Бұл спортшы түрінің әдемілігімен ғана емес, "Әсер қалдырмайтын Маккайла" деген атауға ие мемомен танымал. Өкпелі Маронидің суреті олимпиада ойындарында қолды тіреп секіру жарысында күміс жүлде алғаннан кейін түсірілді. Ең әдемі спортшы қыздардың тізімінде үшінші орынға ресейлік теннисші Мария Шарапова ие болды.

Еске сала кетейік, қазақстандық волейболшы қыз Сабина Алтынбекова 2014 жылдың шілдесінде интернетте азия елдері арасында жұлдызға айналған болатын. Жанкүйерлердің айтуынша, Алтынбекованың образы жапон анимелерінің кейіпкерлерін еске салады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети